
Тахаев Қуаныш Мәдиұлы
Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы
Өмірбаян
Қ.М.Тахаев 1994 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау ауылында дүниеге келген.
2016 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2016 жылы Исатай аудандық жұмыспен қамту орталығында жастар тәжірибесінен өтуші болып бастаған.
2017 жылдың наурыз айында Исатай аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінде бас маман;
2017 жылдың маусым айында Исатай ауданы әкімінің аппаратында іс жүргізуші;
2017 -2021 жылдары Исатай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман;
2021-2023 жылдары Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының қаржы және шаруашылық бөлімінің басшысы;
2023-2025 жылдары Аққыстау ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2025 жылдың қараша айынан бастап Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымында.





