
Сұндетов Жаслан Әндіржанұлы
Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы
Өмірбаян
Сундетов Жаслан Андиржанович 14.03.1984 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші селолық округінде туған. 2001 жылы Еңбекші орта мектебін аяқтады. 2006 жылы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Тау-кен инженер» мамандығына бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2008 жылы Еңбекші селолық округінің әкімі аппаратына жетекші маман болып бастаған. 2009 - 2010 жылдары аудандық жер қатынастары бөлімінде бас маман. 2010-2012 жылдары Еңбекші селолық округінің әкімі аппаратында бас маман. 2012 - 2016 жылдары аудандық құрылыс бөліміне бас маман қызметін атқарып, 2016 жылдың 24 маусым айынан бастап «Атырау облысы Құрманғазы аудандық құрылыс бөлімі» басшысы болып тағайындалды. 2019 жылдың 3 қаңтарынан бастап «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып тағайындалды. 2021 жылдың тамыз айынан бастап Кудряшов ауылдық округінің әкімі қызметіне тағайындалды.



