
Баймуханова Нурия Бауыржанқызы
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
Баймуханова Нурия Бауыржанқызы 1980 жылы 18 мамырда Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Киров селосында дүниеге келген.
Білімі жоғары.1997-2001 жж Атырау Мұнай және Газ институтының «мұнай-газ саласының экономика және менеджмент» мамандығы бойынша аяқтады, біліктілігі - инженер-экономист. Отбасылы, 3 бала тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолын 2001-2003 жылдары «Каспий-Балық» ӨК-де бастап, басқарма көмекшісі, маркетолог қызметтерін атқарды;
2003-2005 жылдары жылдары полиграфиялық қызмет көрсету бойынша жеке кәсіпкер;
2005-2007 жылдары Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінде бас маман;
2007-2010 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының бас маманы;
2010-2013 жылдары Құрманғазы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы;
2013-2017 жылдары Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінде сектор меңгерушісі;
2017-2021 жылдары Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің бөлімі басшысының орынбасары лауазымында болды.
2021 жылдың желтоқсан айынан Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.



