
Ғалиев Ерлан Сағындықұлы
Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
Ғалиев Ерлан Сағындықұлы 1982 жылы 1 тамызда Қарағанды облысының Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2003 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң Академиясын, 2006 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2012 жылы Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институтын заңгер, заңтану магистрі, экономика бакалавры мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы болып бастаған.
2004 – 2008 жылдары Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маман, бөлім басшысы, 2008-2011 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет департаментінің басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.
2011- 2015 жылдары Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің кеңесшісі, қала әкімі аппаратының басшысы қызметтерінде болған.
2015 жылы Атырау қаласындағы «ГлобалСнабвест» ЖШС директорының орынбасары болған.
2015 жылғы 22 маусымнан Атырау облысы әкімі аппараты Ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы.
