Ибішева Ақмарал Ғатауқызы

    Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Ибішева Ақмарал Ғатауқызы
    Заместитель руководителя аппарата

    Ибішева Ақмарал Ғатауқызы

    Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    ИБІШЕВА Ақмарал Ғатауқызы 1969 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Атырау облысы Атырау қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білім жоғары. 1992 жылы Атырау педагогикалық институтын, 2000 жылы Халықаралық Құқық және Нарық Академиясын орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

    1987- 1998 жылдары Атырау педагогикалық институтының студенті.

    Еңбек жолын 1992 жылы Атырау қаласындағы Д.Байбосынов атындағы №13 орта мектепте орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    1993-1996 жылдары №16 орта мектепте қазақ тілі пәнінің мұғалім, 1996-1997 жылдары Ветеринарлық–санитарлық сараптама зертханасының лаборанты, 1997-2001 жылдары «Қызылқоға» құрылыс-ақционерлік қоғамы кадр бөлімінің инспекторы, 2001-2002 жылдары №1 Атырау қалалық сотының бас маманы, 2002-2004 «Логистика мунай газ» ЖШС офис–менеджері, 09.03- 27.11.2005 жылы республикалық «Отан» саяси партиясы Атырау облысы бойынша филиалының консультанты қызметтерін атқарған.

    09.11.2005-19.01.2006 жылдары облыс әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімі жетекші маманының міндетін атқарушы, 2006 жылдан 2018 жылғы 2 мамырға дейін облыс әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, құжаттардың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік қызметтер сапасын және құжаттардың орындалуын бақылау бөлімінің меңгерушісі, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы, облыс әкімінің бас инспекторы, жалпы бөлімінің басшысы, бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

    02.05.2018 жылдан Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері