
Нұрмағамбетова Динара Қоныспайқызы
Астрахан ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Динара Қоныспайқызы Нұрмағамбетова, 1972 жылы туған, қазақ, Ақмола облысы Астрахан ауданының Ақбейіт ауылында өмірге келген.
Білімі жоғары, 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Есеп және аудит» біліктілігі бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақмола облысы Астрахан ауданының Жалтыр ауылында ауыл шаруашылығы тұтыну кооперативінің экономисі болып бастаған.
1994 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың сәуіріне дейін – Астрахан аудандық тұтынушылар одағының көтерме-бөлшек сауда бірлестігінде еңбекақы бойынша есеп және есеп айырысу жөніндегі нұсқаушы.
1998 жылдың сәуірінен 2001 жылдың желтоқсанына дейін – аудандық тұтынушылар одағының қоғамдық тамақтану кәсіпорнының сатушысы.
2001 жылдың желтоқсанынан 2005 жылдың қаңтарына дейін –Астрахан мәдениет бөлімінің жетекші маманы.
2005 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың қаңтарына дейін ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.
2006 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың ақпанына дейін-ЗТМО Астрахан бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы.
2007 жылғы ақпаннан 2014 жылғы мамырына дейін - мемлекеттік ұйымдарда түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014 жылдың мамыр айынан 2016 жылдың мамырына дейін -Астрахан ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы.
2016 жылдың 17 мамырынан бастап – Астрахан ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы.




