
Төребаева Амина Дәукенқызы
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бөлімі
Өмірбаян
1962 жылдың 10 қарашасында Қарағанды облысы, Жанаарқа ауданы, Түгіскен ауылында туды.
1980-1985 жылдары Қарағанды политехникалық институтында құрылыс факультетінің «Строительство» мамандығы бойынша оқып, құрылыс пәндерінің оқытушы-инженер мамандығы бойынша диплом алды.
1985 жылы Алматы облыстық кәсіптік-техникалық білім басқармасына бас маман болып жұмысқа орналасып, 1998 жылдан бастап облыстық білім басқармасында жұмыс жасайды. 2003 жылы техникалық және кәсіптік бөлімнің басшысы болып тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 1998 жылы «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен, 2004 жылы Қазақстан Республикасының білім беру ісінің «Құрметті қызметкері», 2017 жылы Ы.Алтынсарин төс белгілерімен марапатталды.



