
Карипбаев Арман Жумакалимович
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Карипбаев Арман Жұмақалымұлы 1975 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Білімі-жоғары. 1994 жылы Талдықорған заң техникумын заңгер мамандығы бойынша, 2003 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Талдықорған орман шаруашылығы кәсіпорнында заңгер-кеңесші болып бастаған. "Тұрғын үй және нарықтық қатынастар департаменті" ММ заңгері, "тұрғын үй департаменті" ММ заңгері, "Алматы облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті" ММ жетекші маманы, "Алматы облысының экономика басқармасы" ММ бас маманы, Алматы облыстық сотының бас маманы, Алматы облысы бойынша ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің аумақтық жер инспекциясының бас маманы, "Алматы облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті" ММ заң қызметінің», "Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы.
2020 жылдан бастап - "Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы" ММ құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.




