Жакупов Бөлтірік Аусадықұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Жакупов Бөлтірік Аусадықұлы
    Заместитель руководителя управления

    Жакупов Бөлтірік Аусадықұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Жакупов Бөлтірік Аусадықұлы 1961 жылы дүниеге келген. 1984 жылы Қазақ химия-технологиялық институтында инженер-құрылысшы мамандығын, 2005 жылы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде экономист мамандығын оқып бітірді.

    Өзінің еңбек жолын совхоз шеберінен бастаған. Одан Қазақстан КП Еңбекшіқазақ аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы, «Иссыкагропромстрой» мемлекеттік-кооперативтік бірлестігі өндіріс-техникалық бөлімінің инженері, Қазақстан ЛКЖО ОК жастардың әлеуметтік-экономикалық мәселелері бөлімі жұмысшы жастар секторының меңгерушісі, Қазақ ССР Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитеті Істер басқармасы бастығының орынбасары, Евгенемаловодное ауылдық округінің басшысы, «Қырбалтабай» өндірістік кооперативінің төрағасы, Енбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Панфилов ауданының әкімі лауазымдарында қызмет етті.

    2015 жылдан бастап - Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқарма басшының орынбасары қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері