
Жолдоғұтов Асқар Абдолдаұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Асқар Абдолдаұлы Жолдоғұтов 1963 жылы дүниеге келген. 1986 жылы Семей геология барлау техникумында геолог-техник мамандығын, 1993 жылы Қазақ политехникалық институтында тау кен инженер-геологі мамандығын, 2010 жылы Жолдасбеков атындағы құқық академиясында заңгер мамандығын оқып бітірді.
Өзінің еңбек жолын инженер-геологтан бастаған. Одан аудандық спорт, туризм және жастар істері жөніндегі бөлімнің төрағасы, «ҚазАвиа» тәуелсіз авиа компаниясының әуе ұшқышы, Алматы өңірлік инспекциясының жетекші маманы, Алматы облысының жер қатынастары басқармасының бөлім бастығы, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық жер инспекциясы басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.
2015 жылдың ақпан айынан бастап - Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарады.




