
Сәрсенов Сәкен Сейітжаппарұлы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Өмірбаян
2000 жылы Мәскеу мемлекеттік авиациялық институтын «Ақпаратты өңдеудің және басқарудың автоматтандырылған жүйелері» мамандығы бойынша бітірген. Еуразия гуманитарлық институтында "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алған.
2003-2008 жылдары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2008-2009 жылдары — «Қазақтелеком» компаниясының электрондық қызметтер жөніндегі басқарушы директоры.
2009-2010 жылдары — Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары — Көлік және коммуникация вице-министрі, Байланыс және ақпарат вице-министрі.
2014 жылы — Байланыс және ақпарат агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2014-2015 жылдары — Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы.
2015-2016 жылдары — Инвестициялар және даму вице-министрі.
2016-2017 жылдары — Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2017-2020 жылдары — «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы.
2020 жылдың тамыз айынан — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.





