Балтабеков Аңсаған Скендерұлы

    ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы

    Балтабеков Аңсаған Скендерұлы
    Вице-министр

    Балтабеков Аңсаған Скендерұлы

    ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы — полиция генерал-майоры.

    2000 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясын, 2023 жылы — Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

    ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған.

    2002 жылдың маусым айынан 2017 жылдың ақпанына дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында әртүрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

    2017 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың наурызына дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік органдарында еңбек етті.

    2019 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың мамырына дейін ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің кадрларында әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

    2022 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың қаңтарына дейін — ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары.

    2024 жылдың қыркүйек айынан – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері