Әділов Санжар Әскенұлы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

    Әділов Санжар Әскенұлы
    Вице-министр

    Әділов Санжар Әскенұлы

    Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция генерал-майоры

    1999 жылы Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын, 2018 жылы – ХДРУ аспирантурасын (Мәскеу қ.) тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты

    II дәрежелі «Даңқ» (2026) және II дәрежелі «Айбын» (2020) ордендерімен марапатталған

    1999-2009 жылдар аралығында Алматы қаласы ІІД бөлімшелерінде тергеушіден басқарма бастығының орынбасарына дейін қызмет атқарды.

    2009-2011 жылдары – Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) тергеу басқармасының басшысы.

    2012-2013 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу комитеті әскери-тергеу басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы.

    2013-2018 жылдары – Астана қаласы ІІД, Алматы қаласы ПД бастығының орынбасары.

    2019-2023 жылдары – ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы.

    2023-2024 жылдары – Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы.

    2024 жылдың наурыз айынан – ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы.

    2024 жылғы қараша айынан – ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері