Мұсабаланов Ілияс Сәбитұлы

    Жансүгіров ауылдық округінің әкімі

    Мұсабаланов Ілияс Сәбитұлы
    Аким

    Мұсабаланов Ілияс Сәбитұлы

    Жансүгіров ауылдық округінің әкімі

    Өмірбаян

    Мұсабаланов Ілияс Сабитұлы

    Мен 1985 жылы 09 маусымда Ақсу ауданы Жансүгіров ауылында өмірге келдім. 1991жылы Есеболатов ауылындағы Нұрсұлтан Есеболатов атындағы орта мектепке бірінші сыныпқа барып 2002 жылы тәмәмдадым.

    2002 жылы Алматы қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің «Геологиялық барлау» кафедрасында «Іздеу мен барлаудың геофизикалық тәсілдері» мамандығы бойынша оқуға түсіп 2007 жылы тау кен инженері болып бітіріп шықтым.

    2014 жылдан 2016 жылдар аралығында Жетісу Мемлекеттік университетінде «экономист» мамандығы бойынша тәлім алып, 2017 жылы мамыр айында «экономист – бакалавр» болып диплом алдым.

    Жұбайым Оралбекқызы Айгүлмен 2009 жылы үйленіп, қазіргі кезде 5 баланы тәрбиелеп отырмыз.

    Қызым Сабит Сабина Ілиясқызы - 5 сынып оқушысы

    Қызым Сабитова Жаннур Ілиясовна - 4 сынып оқушысы

    Ұлым Сабит Ерасыл Ілиясұлы - 1 сынып оқушысы

    Ұлым Сабит Саян Ілиясұлы - балабақшаға барады

    Ұлым Сабит Алихан Ілиясұлы

    2007 жылы мамыр айынан 2008 жылдың қыркүйек айына дейін Алматы қаласының «ҒЗФ «ДАҢҚ» ЖШС мұнайды сейсмикалық іздеу станциясында оператор болып жұмыс жасадым. 2008 - 2010 жылдары Алматы облыстық «ОТАН» көп салалы оқыту орталығының Ақсу аудандық филиалында оқытушы-инструктор болып қызмет атқардым.

    2010 жылдың тамыз айында «Ақсу ауданының ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бас маман – инженер лауазымында, 2016 жылы сол бөлімнің сектор меңгерушісі лауазымында 2018 жылдың қаңтар айына дейін жұмыс жасадым.

    2018 жылдың ақпан айынан бастап 2021 жылға дейін «Ақсу ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіның басшысы лауазымында қызмет атқардым.

    2021 жылдан Жансүгіров ауылдық округі әкімі болып сайландым

    Мемлекеттік қызметке келгелі Алматы қаласында 1 мәрте, Талдықорған қаласында 3 мәрте білім деңгейін көтеру курстарынан өттіп, Ақсу ауданы әкімінің 1 дәрежелі дипломымен, Алматы облысы әкімінің құрмет граммоталарымен 2 мәрте марапатталдым.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері