
Өмірбаян
Қарасаев Ануар Мәлікұлы 1991 жылғы 9 сәуірде Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген. 2013 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек өтілі:
• 2013–2016 жж. – Алматы облысы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқық бөлімінің маманы.
• 2016–2017 жж. – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің бас маманы.
• 2017–2018 жж. – Алматы облысы әкімі аппаратының құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.
• 2019–2022 жж. – Алматы облысы әкімі аппаратының адами ресурстарды басқару және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы.
• 2023–2024 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет бөлімінің сарапшысы.
• 2024–2025 жж. – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарды үйлестіру департаментінің бас сарапшысы.
2025 жылғы 17 қарашадағы Ақсу ауданы әкімінің өкімімен Қарасаев Ануар Мәлікұлы «Ақсу ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

