
Тұрсынханов Әділхан Айдарханұлы
Мақтаарал ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ә.Тұрсынханов 1988 жылы Мақтаарал ауданы Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылында дүниеге келген. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша, 2016 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2037 әскери бөлімінде әскери қызметкер болып бастаған. 2014 жылы іріленген Мақтаарал ауданының ішкі саясат бөлімінде бас маман міндет атқарушы, кейіннен бас маман лауазымдарында бірнеше жыл белсенді еңбек етті.
2018 жылдан бастап Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеген.
2022 жылдан қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болды.