Толымбекұлы Ерасыл

    Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары

    Толымбекұлы Ерасыл
    Заместитель акима

    Толымбекұлы Ерасыл

    Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    1995 жылы Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылында дүниеге келген.

    Ө.А. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Алматы облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де кеңесші қызметінен бастаған.

    Әр жылдары Алматы облысының Ішкі саясат басқармасына қарасты мемлекеттік мекемелерінде басшылық қызметінде жұмыс істеген.

    Облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-де басшы қызметін атқарған.

    Қазіргі уақытқа дейін Алматы облысының ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары болған.

    Жетекшілік ететін мәселелер:

    Ауданда ішкі саясат, ақпарат, білім, спорт, мәдениет, тіл, жастар саясаты, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, олардың құқығын қорғау, гендерлік, демографиялық және көші-қон саясаты, құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету.

    Аудандағы жалпы идеологиялық жұмыстарға басшылық жасау, ауданның ішкі саясатын жүргізу, жалпы, арнаулы, кәсіптік білім беретін мекемелердің, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты, жұмысын үйлестіру. Аудан әкіміне өзі басшылық жасайтын салалар жұмысы бойынша сараптамалар мен есептер беру. Өз саласы бойынша азаматтарды дербес қабылдау, аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың жұмысын үйлестіру, басшылық жасау. Ауданның қызмет көрсету, олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстарды үйлестіру мерзімінің бұзылуына жол бермеу.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері