
Жүмәділ Самат Шайытқанұлы
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
1994 жылы 1 қыркүйекте Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.
Білімі: 2016 жылы С.Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2020 жылы – Аймақтық әлеуметтік иновациялық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
Жүмәділ Самат Шайытқанұлы еңбек жолын 2018 жылы Райымбек аудандық аумақтық инспекциясында бас маман болып бастады.
2020-2022 жылдары Кеген ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы;
2022-2024 жылдары Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы егін және тұқым шаруашылығы бөлімінің басшысы;
2024 жылдың мамыр айынан Алматы облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы;
2025 жылдың маусым айынан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 3-2 тармағына сәйкес, Алматы облысы бойынша өңірлік кадр резерв құрамынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің келісімі негізінде Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы;
2025 жылдың 12 тамызынан бастап, Алматы облысы Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.



