
Хусуров Алымжан Навердинұлы
Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Алимжан Хусуров 1963 жылы 19 қазанда Алматы облысының Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Алматы индустриалды - педагогикалық академиясы «Еңбек технологиясы және кәсіпкерлік» мамандығы бойынша тәмамдаған
Еңбек жолын Алматы қаласындағы ПМК 707 сельстройда жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары күзетші, сатушы, қойма меңгерушісі, Үлкен Ақсу ауылдық округі әкімінің орынбасары, Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі, Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2018 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Ұйғыр ауданы әкімінің орынбасары.
Жетекшілік ететін мәселелер:
Аудандағы сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, су құбыры, жолаушыларды тасымалдау, автомобиль жолдары, фитосанитария, ветеренариялық станция, орман шаруашылық, шарын ұлттық мемлекеттік табиғи паркі, жылжымайтын мүлікті тіркеу, энергетика, телекоммуникация, газ шаруашылығы мәселелері бойынша республикалық және аймақтық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету. Аудан әкіміне өзі басшылық жасайтын салалар жұмысы бойынша сараптамалар мен есептер беру. Өз саласы бойынша азаматтарды дербес қабылдау, аудан әкімдігі жанындағы комиссиялардың жұмысын үйлестіру, басшылық жасау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жұмыстарды үйлестіру мерзімінің бұзылуына жол бермеу. Өзі басқаратын салалар бойынша дербес бөлімдер басшыларымен, қала және ауылдық округ әкімдерімен Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің, облыс, аудан әкімдерінің өкімдері мен шешімдерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуын қадағалау.



