
Райле Надежда Сергеевна
"Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысы
Өмірбаян
Райле Надежда Сергеевна 1978 жылы Ақмола облысы Атбасар ауданы Атбасар қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Еуразия гуманитарлық институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Астана қ. аграрлық-техникалық колледжінің Атбасар бөлімінде экономикалық пәндер оқытушысы болып бастады.
2005 жылдан 2010 жылға дейін Астана қ. аграрлық-техникалық колледжінің Атбасар бөлімінде тәрбие жұмысы жөніндегі оқу ісінің меңгерушісі болды.
2010 жылдың қарашасынан 2011 жылдың ақпанына дейін «Атбасар аудандық мәдениет үйі» МКҚК Мемлекеттік сатып алу бойынша бухгалтер болып жұмыс істеді.
2011 жылдың шілде айынан 2012 жылдың маусым айына дейін «Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы.
2012 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейін «Атбасар ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры.
2019 жылдың шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін «Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы.



