
Жанабаев Марат Төлешұлы
«Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Жанабаев Марат Төлешұлы
Өмірбаян
Жанабаев Марат Төлешұлы — 1974 жылдың 12 қаңтарда Ақмола облысы Сандықтау ауданында дүниеге келдi. 1991 жылы Адыр орта мектебiн аяқтады. 1992 — 1993 ж.ж. аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы күштерi қатарында қызмет еттi, әскери мiндеттi. 1994 — 1997 ж.ж. Атбасар ауданының Адыр орта мектебiнде мұғалiм болып жұмыс атқарды. 1996 ж. Ақмола политехникалық техникумын “Құрылыс бұйымдарын өндiру және темiр-бетон конструкциялары” мамандығы, “техник-технолог” бiлiктiлiгi бойынша тәмамдады.
1998 — 2002 ж.ж. аралығында Есiл жол дистанциясында жұмыс iстедi. 2002 ж. Қарағанды мемлекеттiк университетiн “Өнеркәсiп және азаматтық құрылысы” мамандығы, “Инженер-құрылысшы” бiлiктiлiгi бойынша тәмамдады. 2002 — 2003 ж.ж. Қарағанды қаласында “ПКПФ Реконструкция” ЖШС еңбек етті. 2003 — 2005 ж.ж. Ақмола облысы Атбасар ауданының Адыр ауылдық округiнде маман болып қызмет атқарды. 2006 — 2015 ж.ж. "Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi” ММ бас маманы лауазымын атқарды. 2016 ж. қаңтарынан бастап 2016 ж. сәуiрiне дейiн “Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi” ММ басшысының мiндетiн атқарды. 2016 мамырынан бастап “Атбасар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлiмi” ММ басшысы болып тағайындалды. “Нұр Отан” партиясының мүшесi.



