
Ермаханов Азамат Асқарұлы
Облыс прокурорының орынбасары
Өмірбаян
2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Павлодар облысы прокурорының орынбасары лауазымына әділет кеңесшісі Ермаханов Азамат Асқарұлы тағайындалды.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 13 жылдан асады.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының Хромтау ауданы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы лауазымынан бастады. Кейінірек Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі (сот актілерінің заңдылығына қадағалау және мемлекет мүддесін қылмыстық істер бойынша қорғау бағытында), Астана қаласының "Алматы" ауданы прокурорының көмекшісі (сот қаулыларының заңдылығына және азаматтық істер бойынша атқарушылық өндірісіне қадағалау), Астана қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылыққа қадағалау басқармасының прокуроры қызметтерін атқарды.
Сонымен қатар Астана қаласы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасында прокурор, аға прокурор, басқарма бастығының орынбасары, Бас көлік прокуратурасының Жетісу көлік прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының “Байқоңыр” ауданының прокуроры лауазымдарын атқарды. 2021 жылдың тамызынан бастап – Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары.
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.


