Калижанов Багдат Уалиевич

    Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментiнің басшысы

    Калижанов Багдат Уалиевич
    Руководитель

    Калижанов Багдат Уалиевич

    Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментiнің басшысы

    Өмірбаян

    1984-1986 жылдары Беларусь КСР-да ракеталық әскерлер құрамында әскери борышын өтеді. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «финанс және қаржы» және 2004 жылы Экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын экономика магистрі дәрежесімен тәмәмдады.

    Еңбек жолын 1989 жылы салық тобының ревизор инспекторы болып бастаған. 1990 және 1998 жыл арасында Алматы қаласы Фрунзе ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының салық тобының ревизор-инспекторы, салық инспекциясы бастығының орынбасары, Медеу ауданы бойынша салық инспекциясының бастығы.

    1998 жылдан 2002 жылдар аралығында – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Павлодар облысы бойынша салық комитетінің төрағасы.

    2002 жылдан 2004 жылдар аралығында «Казтелерадио» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары - қаржы директоры.

    2002 жылдан 2011 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Ақпараттық технологиялар паркі» Салық комитетінің төрағасы.

    2011 жылдан 2013 жыл аралығында –Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитетінің «Жетіcу» аймақаралық департаментінің бастығы, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс істеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бастығы.

    2013 жылдан 2014 жыл аралығында Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің банкроттық және оңалту басқармасының басшысы; Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің FR - 2 басқармасының басшысы.

    2014 жылдың 18 тамызынан бастап 06 қазан айы аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті Алмалы аудандық қазынашылық басқармасының басшысы.

    2014 жылдың 06 қазанынан бастап 2015 жылдың 18 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы қызметін атқарды.

    2015 жылдың 18 қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының қызметін атқарып келеді.

    2021 жылдың 28 маусым айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қазынашылық департаменті басшысының қызметін атқарып келеді.

    Наградалары:

    2001жылы - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» » мерекелік медалі.

    2015 жылы - «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі.

    2016 жылы - «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі.

    2018 жылы - «Астана 20 жыл» мерекелік медалі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері