
Шукеева Ляззат Естаевна
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы
Өмірбаян
1996ж. Алматы технологиялық институтының « Астық, ұн, жарма және құрама жем технологиясы » мамандығы бойынша « инженер-технолог » біліктілігін, 2001ж. Шымкент экономика және құқық колледжін «Салық жөніндегі қаржы қызметкері» мамандығы бойынша «қаржы» біліктілігін, 2005ж. Алматы экономикалық университетін «Қаржы және несие » мамандығы бойынша бітіріп « Экономист » біліктілігін алған.
Еңбек жолын 1988-1995жж. аралығында ОҚО Алғабас ауданы Жүзімдік ауылы Жүзімдік орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1995-1996жж. аралығында Шымкент қаласы «Дани нан» цехында технолог болған.
Экономист мамандығы бойынша 1997 жылы Агропромбанктің Ақсу бөлімшесінде жетекші экономисті қызметінен бастаған.
Қазынашылық саласына 1998 жылы келіп Оңтүстік Қазақстан облыстық қазынашылық басқармасында бас маманы қызметінен бастаған.
2000-2008 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті бөлімдердің бастығы қызметтерін атқарған.
2008-2012 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаменті бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
2012 жылдың қаңтар айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы қызметіне тағайындалып қазіргі таңға дейін Түркістан облысы бойынша Қазынашылық департаменті басшысы қызметін атқарады.





