Ерофеева Светлана Евгеньевна

    Бөлім басшысы

    Ерофеева Светлана Евгеньевна
    Руководитель отдела

    Ерофеева Светлана Евгеньевна

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Ерофеева Светлана Евгеньевна, 1980 жылы 15 маусымда дүниеге келді, туған жері – Қостанай облысы Лисаков қаласы.

    2000 жылы «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша Лисаков техникалық колледжін аяқтады.

    2005 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін аяқтады.

    2004 жылғы 19 қазаннан 2006 жылдың 01 наурызына дейін - 4-шағын ауданның ҮЖИК бухгалтер-кассирі, Лисаков қ.

    2006 жылғы 03 сәуірден 2012 жылдың 02 мамырына дейін - Лисаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің «Мектепаралық оқыту-өндірістік комбинаты» ММ бухгалтері

    2012 жылғы 03 мамырдан 2021 жылдың 13 сәуіріне дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ бюджеттік жоспарлау жөніндегі инспектор, бюджеттік жоспарлау секторы бас маманының міндетін атқарушы, бюджеттік жоспарлау секторының бас маманы, бюджеттік жоспарлау секторының меңгерушісі

    2021 жылғы 14 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін - «Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері