
Өмірбаян
Тоқжанов Жәкен Бағытжанұлы, 1966 жылы 1 қаңтарда Қостанай облысы Урицкий ауданы Барвиновка ауылында дүниеге келді.
1989 жылы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтады.
2007 жылы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
1989 жылғы 01 қыркүйектен 2002 жылдың 1 желтоқсанынан дейін - №1 Орта мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі, Лисаков қ.
2002 жылғы 2 желтоқсаннан 2004 жылдың 31 желтоқсанынан дейін - «Жастар және спорт комитеті» ММ бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы, Лисаков қ.
2005 жылғы 01 қаңтарынан 2005 жылдың 31 желтоқсанына дейін – «Лисаков қаласының білім және спорт бөлімі» ММ бас маманы
2006 жылғы 01 қаңтарынан 2006 жылдың 26 ақпанына дейін – «Лисаков қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ бас маманы
2006 жылғы 27 ақпанынан бастап 2007 жылдың 12 желтоқсанынан дейін - «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бас маман, заң бөлімінің бас маманы
2008 жылғы 13 желтоқсаннан 2013 жылдың 21 сәуіріне дейін – «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» ММ бастығының міндетін атқарушы, бастығы
2013 жылдың 22 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін – «Лисаков қаласы әкімінің дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ басшысы



