
Өмірбаян
Патрикеева Надежда Николаевна, 1980 жылы 31 наурызда дүниеге келді, туған жері - Қостанай облысы, Рудный қаласы.
2000 жылы «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша Лисаков техникалық колледжін аяқтады, біліктілігі «Техник-технолог».
Жоғары білімі бар:
2004 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Қостанай Әлеуметтік-Техникалық Университетін аяқтады, біліктілігі «Менеджер».
2000 жылғы 2 мамырдан бастап 2007 жылғы 11 ақпанға дейін – «Қостанайгаз» МКК Лисаков газбен жабдықтау цехының абоненттік қызметінің бақылаушысы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.
2007 жылғы 12 ақпаннан бастап 2011 жылғы 28 ақпанға дейін – «Лисаков қаласының құрылыс бөлімі» ММ әдіскері, бас маманы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.
2011 жылғы 11 наурыздан бастап 2013 жылғы 20 желтоқсанға дейін – «Лисаков қаласының құрылыс бөлімі» ММ әдіскері, Қостанай облысы Лисаков қаласы.
2013 жылғы 23 желтоқсаннан бастап 2018 жылғы 24 қыркүйекке дейін – «Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ бас маманы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.
2018 жылғы 25 қыркүйектен бастап – «Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы, Қостанай облысы Лисаков қаласы.



