Сапарбеков Гайдар Айбекұлы

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Сапарбеков Гайдар Айбекұлы
    Руководитель

    Сапарбеков Гайдар Айбекұлы

    Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік қазынашылық департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1987 жылы 4 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келді. 2010 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің есеп және аудит, 2021 жылы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын Талдықорған қаласындағы №17 орта мектепте есепші болып бастаған. 2007-2008 жылдар аралығында Талдықорған қаласы Талдықорған қалалық қаржы бөлімінің нақты секторды қаржыландыру, коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді. 2008 жылдан 2017 жылға дейін Алматы облысының қаржы басқармасының білім, мәдениет және спортты қаржыландыру бөлімінің маманы, бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің бас маманы, басқару аппараты және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, басқару аппараты салаларындағы бюджетінің орындалуын талдау және бақылау бөлімінің бас маманы, ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің басшысы, коммуналдық меншікті басқару және есепке алу бөлімінің бас маманы, бюджетті үйлестіру бөлімінің бас маманы, басқару аппараты және әлеуметтік салалар бөлімінің бас маманы.

    2017 жылдың тамызынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Қапшағай қалалық қаржы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. Содан кейін 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін Ескелді ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.

    2021 жылдың 26 шілдесінен бастап Алматы облысы бойынша қазынашылық департаментінің басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері