Бегалы Мақсат Мұхаметәліұлы

    Инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы

    Бегалы Мақсат Мұхаметәліұлы
    Бөлім басшысы

    Бегалы Мақсат Мұхаметәліұлы

    Инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында туған.

    2004 жыл - Қазақ мемлекеттік заң университетін,

    2011 жыл - Көкшетау экономика және менеджмент институтын тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2008 жылы «Би-Логистик» АҚ-да (Астана қаласы) менеджер қызметінен бастады.

    Кейін Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында жетекші маман, ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Заң басқармасында сарапшы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінде бас маман қызметтерін атқарды.

    2013 жылы «Нұрмедиа Баспа үйі» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істеді.

    2019–2021 жылдары «Максимум блок» ЖШС-нің директоры болды.

    2021–2025 жылдары Сауран ауданы әкімі аппаратында әуелі бас инспектордың міндетін атқарушы, кейін бас инспектор, одан әрі Заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

    2025 жылдың 3 ақпанынан бастап Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Инвестициялық жобаларды қолдау және экспортты жылжыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері