2016 жыл - М.Ауезов ат.Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, агрономия
2019 жыл - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, агрономия
2026 жыл – Мирас университеті, құқық және басқару
- 2016–2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Аманкелді» ЖШС-де агроном болып жұмыс істеді.
- 2017–2020 жылдары Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, кейін бас маман қызметтерін атқарды.
- 2020 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясында бас маман, кейін Комитеттің лицензиялау және пестицидтерді тіркеу басқармасында бас сарапшы болып қызмет атқарды.
- 2021–2025 жылдары «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының экономикалық саясат бөлімінде жұмыс істеді.
- 2025–2026 жылдары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінде бас маманның міндетін атқарушы, кейін бас маман қызметтерін атқарды.
- 2026 жылғы 18 маусымнан бастап Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бөлімінің басшысы болып қызмет атқаруда.