
Дуйсенов Болатбек Өскенбайұлы
Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Болатбек Өскенбайұлы Дүйсенов, 1966 жылы туған. Білімі жоғары. Алматы архитектура құрылыс институтын өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс инженері мамандығы бойынша 1989 жылы және Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер біліктілігі бойынша 1997 жылы бітірген.
Өз еңбек жолын 1989 жылы Алматы қаласы «Казгипромясомолпром» институтында архитектура-құрылыс бөлімінің инженері қызметінен бастаған.
1991 – 2017 жылдар аралығында Алматы қаласы атқару комитетінің жанындағы «Шаңырақ» әлеуметтік тұрғын үй кешенінде инженер, Алматы қаласы атқару комитетінің Бас архитектура қала құрылысы басқармасында мемлекеттік архитектура-құрылыс бақылау инспекторы, «Таға» ЖШС – де құрылысты техникалық бақылау жетекші инженері, Алматы қаласы әкімшілігінің Тұрғын үй департаментінде маман, бас маман, Алматы қаласы Тұрғын үй инспекциясының бастығы, Алматы «Тұрғын үй» МКК бастығының орынбасары, «Тұрғын үй департаменті» ММ-нің директорының орынбасары.
Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының Жеке тұрғын үй құрылысы бөлімінің бас маманы, Өндірістік бөлімінің басшысы, Жалгерлік қатынастар және аукцион бөлімінің басшысы, Кадастрлық (бағалау) құнын бекіту және сатып алу-сату шарты бөлімінің басшысы, Жеке тұрғын үй құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2017 жылдың 17 тамызынан Алматы облысы, Панфилов ауданы Жер қатынастары бөлімінің басшысы.





