БЖЗҚ 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Halyk Global Markets» АҚ-ға зейнетақы активтерін басқаруға беру бойынша жаңа өтініштер қабылданбайтынын еске салады.
Бұл шешім компанияның БЖЗҚ-мен жасалған шартты 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өз бастамасымен бұзу туралы хабарлама жіберуіне байланысты қабылданды.
Бұған дейін «Halyk Global Markets» АҚ-ның басқаруына берілген зейнетақы жинақтары шарт тоқтатылғанға дейін компанияның басқаруында қала береді.
Шарт күшінде болған кезеңде басқарушы компания өз міндеттемелерін толық орындауға, оның ішінде инвестициялық стратегияны сақтауға және активтердің сақталуын қамтамасыз етуге тиіс.
Шарт тоқтатылғаннан кейін басқарудағы зейнетақы активтері толық көлемде ақша түрінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріледі. Егер теріс айырма қалыптасса, оны «Halyk Global Markets» АҚ толық көлемде өтеуге міндетті.




