
08.09.2026 жылы Жетісу облысының Әділет департаментінің басшысы Бексұлтан Жандос Елмұратұлы Жетісу облысының Нотариаттық палатасының және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының төрағаларымен іскерлік байланысты нығайту мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында әділет органдары, нотариат және жеке сот орындаушылары арасындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру, сондай-ақ ортақ мәселелерді шешу бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.









