СҰРАҚ – ЖАУАП

    СҰРАҚ – ЖАУАП
    1. Базалық зейнетақы қалай есептеледі?

    Жауап:
    Базалық зейнетақы – зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға мемлекет тарапынан ай сайын төленетін кепілдендірілген төлем.

    1. Базалық зейнетақы мөлшері қандай?

    Жауап:
    Базалық зейнетақы мөлшері азаматтың еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

    Қазіргі уақытта ең төменгі мөлшері – күнкөріс деңгейінің 70%-ы, ең жоғары мөлшері – 118%.

    1. Міндетті зейнетақы жарналары уақытылы аударылмаған жағдайда қандай құжат қажет?

    Жауап:
    Егер жарна аударылған кезеңдер еңбек өтілін растайтын құжаттардағы еңбек қызметі кезеңдеріне сәйкес келсе, жұмыс берушіден (құқықтық мирасқордан) немесе архивтік мекемеден міндетті зейнетақы жарналарының аударылғаны туралы анықтама ұсынылады.

    1. Міндетті зейнетақы жарналарының кезеңдері қалай расталады?

    Жауап:
    Міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі ұсынылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары