ОРАЛДА ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ КҮЗЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖЕДЕЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСТІ

    ОРАЛДА ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЛАРЫ КҮЗЕТШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖЕДЕЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУГЕ КӨМЕКТЕСТІ

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің араласуымен «A SECURITY» ЖШС күзет агенттігі жұмыскерлеріне жалақы төлеуге қатысты мәселе қысқа мерзімде шешілді.

    2026 жылдың 1 қыркүйегінде жеке күзет ұйымының бірнеше жұмыскері жалақының уақытылы төленбеуіне байланысты көмек сұрап жүгінген болатын. Азаматтарды Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Асылұлан Досжанов қабылдап, олардың мәселесін тыңдады.
    Кездесу барысында жұмыскерлер жағдайды түсіндіріп, өздерін алаңдатқан мәселелерді айтты. Департамент басшысы еңбек құқықтарын қорғаудың заңда көзделген тетіктерін және мәселені әрі қарай шешу тәртібін түсіндіріп берді. Мәселені жедел қарау үшін жұмыскерлер департаментке шақырылып, кездесуге күзет ұйымының басшысы да қатысты.

    Мәселені зерделеу барысында кәсіпорынның мемлекеттік мекемелерге қарасты бірқатар нысандарды күзететін 27 жұмыскеріне жалақы бойынша берешек қалыптасқаны анықталды. Жұмыс берушінің мәліметінше, берешектің жалпы көлемі шамамен 5,28 млн теңге болған.

    Жұмыс берушіге өзге ұйымдармен есеп айырысуға қатысты мәселелер жұмыскерлердің еңбекақысын уақытылы төлемеуге негіз бола алмайтыны айтылды.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2026 жылдың 2 қыркүйегінде 27 жұмыскердің жалақы бойынша берешегі толық өтелді. Осылайша, мәселе жедел шешіліп, жұмыскерлердің бұзылған еңбек құқықтары қалпына келтірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі" жаңалықтары