Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    «Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2026 жылғы 7 қыркүйек пен 3 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі.

    Іс-шара «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 2-тармағына сәйкес ұйымдастырылады.

    Талдаудың мақсаты – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты қамтамасыз ету.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары