
Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 4 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Қазақ тілі - қазақтың дара тілі» атты дөңгелек үтел өтті. Шараға М.Мәметова орта мектебінің оқушылары қатысты. Оқырмандарға өз ана тілінің қадір-қасиетін түсіндіріп, тіл халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал ететіні, ана тіліміз тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі екені жайлы ұғынысты. Оқырмандар ұлы жазушылардың тіл туралы айтылған сөздері, мақал-мәтелдері мен жасырылған жұмбақтарға жарыса жауап берді. Мақсаты: мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.









