
Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша 2026 жылдың басынан бері Қазақстан халқы шамамен 105 мың адамға өсті.
Қазақстанда қанша адам тұрады? 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқы 20 604 819 адамды құрады. Жыл басында бұл көрсеткіш 20 499 822 адам болатын. Осылайша, жеті ай ішінде халық саны 104 997 адамға көбейді.
Елімізде 10 531 747 әйел және 10 073 072 ер адам тұрады.
Халықтың басым бөлігі қалаларда шоғырланған. Тамыз айының басындағы жағдай бойынша қалалық жерлерде 13,2 миллионнан астам адам тұрды. Жыл басынан бері қала тұрғындарының саны 126 649 адамға артты.
Ауыл халқы азайды. Аталған кезеңде ауыл халқының саны 21 652 адамға қысқарды. Жалпы ауылдық жерлерде шамамен 7,4 миллион қазақстандық тұрады.
Халықтың негізгі бөлігі әлі de ірі қалалар мен халқы тығыз қоныстанған өңірлерде орналасқан. Бірінші орында – Алматы қаласы (шамамен 2,3 миллион адам). Екінші орында – Түркістан облысы (шамамен 2,1 миллион тұрғын). Астанада шамамен 1,6 миллион адам тұрады. Алматы облысының халқы да осы шамалас. Шымкент қаласының халқы шамамен 1,3 миллион адамды құрайды.









