Қазақстан Республикасында балаларды профилактикалық медициналық қараудан өткізу ережелері өзгерді

    Қазақстан Республикасында балаларды профилактикалық медициналық қараудан өткізу ережелері өзгерді

    Қазақстанда балалардың профилактикалық медициналық қарауларын өткізудің жаңартылған ережелері 30 тамыздан бастап күшіне енді. Құжатқа сәйкес кейбір тексерулердің жас ерекшеліктері мен мерзімдері өзгертілді. Енді артериялық қысымды өлшеу 7 жастан емес, 6 жастан басталады, ал электр кардиограммасы (ЭКГ) 10, 14, 15 және 16 жаста жасалады. Жалпы қан мен зәр анализі 1 жаста, 2 жаста, 2,5 жаста, 5, 10, 14 және 16 жаста тапсырылады. Сонымен қатар, 2 жастан бастап және 3–17 жас аралығында жыл сайын ауыз қуысын қарау міндеттелді. Баланың бас шеңбері 5 жасқа дейін өлшеніп (кеуде шеңбері міндетті өлшеулер қатарынан алынып тасталды), ал 1 айдан 18 жасқа дейінгі барлық балаларға пульсоксиметрия жүргізіледі.

    Медициналық араласуға ерікті түрде ақпараттандырылған келісім беру рәсімі ресми түрде бекітілді: 16 жасқа толмаған балалар үшін ата-анасы немесе заңды өкілі келісім береді, ал 16 жастан асқандар бұл шешімді өз бетінше қабылдай алады. Тексеру қорытындылары мен талдау нәтижелері ата-аналарға цифрлық жүйе немесе мобильді қосымша арқылы қолжетімді болады.

    Бұдан бөлек, дене шынықтыру сабақтарына арналған топтар төрт санатқа бөлінді: негізгі (1-2 топ), дайындық (3-топ), арнайы (4-топ) және емдік дене шынықтырумен айналысатын босатылған топ (5-топ). Профилактикалық қарау кезінде ауру белгілері анықталса, цифрлық жүйе баланың педиатр немесе жалпы тәжірибелік дәрігер арқылы қосымша тексерулерге бағытталуын автоматты түрде қадағалайды. Сондай-ақ динамикалық бақылау аясы кеңейтіліп, бұған дейін созылмалы ауруы бар балалар ғана қамтылса, енді ағза қызметінде ауытқулары немесе қатер факторлары бар балалар да ерекше бақылауға алынады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы" жаңалықтары