БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
2026 жылғы 17 қыркүйекте сағат 10:00-де Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 13 мекенжайындағы 5-қабаттағы конференц-залда Қарағанды облыстық мәслихатының кезекті сессиясы өтеді.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібіндегі мына мәселелерді қарайды:
- Қарағанды облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы бойынша есебі туралы
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі XVIII сессиясының №208 «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинаудың, сұрыптаудың және кәдеге жаратудың ұтымды әрі экологиялық қауіпсіз жүйесін ұйымдастыруға бағытталған шаралар туралы» шешімінің орындалуы туралы.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы XXXI сессиясының №346 «Қарағанды облысының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Қарағанды облысы Осакаров ауданы Құндызды ауылдық округінің Қасенбай ауылын тарату туралы.
- Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 26 наурыздағы XXXIII сессиясының №387 ««Кілтке дейін» құрылыс жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Басқа да мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты тұлға:
Халтонов Аскербек Ибрагимович
Жұмыс телефоны: 8 (7212) 50-66-72 (6103)
Электрондық пошта: [email protected]








