ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ

    ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ЕРЕКШЕ НАЗАР АУДАРЫЛДЫ
    Келес ауданында Құрылтай сайлауына қатысып жатқан тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында барлық сайлау учаскелерінде мәдени бағдарламалардың жүйелі жүргізілуі ұйымдастырылды.
    Сайлау учаскелеріне келген тұрғындарды ұлттық киімдегі өнерпаздар қарсы алып, қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттауда. Домбыраның күмбірлеген үнімен дәстүрлі әндер орындалып, ұлттық өнердің өнегесі көпшілікке ұсынылуда.
    Мәдени бағдарламалар барысында ұлттық дәстүр элементтеріне ерекше мән беріліп, келушілерге қазақы мәдениеттің көріністері таныстырылуда. Бұл бастама сайлау учаскелеріндегі қоғамдық ахуалды айшықтап, азаматтардың маңызды саяси науқанға қатысуына жағымды орта қалыптастыруға бағытталған.
    Келес ауданында барлығы 61 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 57-сі білім беру ұйымдарында, 2-еуі денсаулық сақтау ұйымдарында және 2-еуі мәдениет ұйымдарында орналасқан. Сайлау учаскелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрайды.
    Сайлау күні ұлттық өнер мен мәдениеттің кеңінен дәріптелуі – елдік маңызды шараны халықтың дәстүрлі құндылықтарымен сабақтастыра өткізудің көрінісі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Келес ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары