КЕЛЕСТЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

    КЕЛЕСТЕ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА ОРАЙ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
    Келес ауданында Құрылтай сайлауына орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде жергілікті шаруалар мен өндірушілер өз өнімдерін тұрғындарға ұсынып, дастарханға қажетті табиғи өнімдерді қолжетімді бағамен саудалады.
    Жәрмеңкеге жалпы 10 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімі шығарылды. Сауда сөрелерінен маусымның басты өнімдері – шырынды қарбыз бен қауын, сондай-ақ пияз, картоп, қызанақ, қияр, қырыққабат және асқабақ орын алды. Жергілікті жерде өндірілген көкөністер мен бақша өнімдеріне тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары болды.
    Ауыл шаруашылығы – Келес ауданы экономикасының негізгі бағыттарының бірі. Сондықтан мұндай жәрмеңкелер бір жағынан жергілікті шаруалардың еңбегін насихаттап, өнімдерін тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тұрғындарды сапалы әрі жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етуге жол ашады.
    Жәрмеңкеге келген тұрғындар ауыл еңбеккерлерінің өнімдерін көріп, қажетті тауарларын сатып алды. Бұл – берекелі еңбектің, ауылдағы шаруаның және жергілікті өндірістің нәтижесін көпшілікке ұсынған игі бастама.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Келес ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары