Пресс релиз: “Еңбек жолы” республикалық байқауының 2026 жылғы нәтижелері

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Пресс релиз: “Еңбек жолы” республикалық байқауының 2026 жылғы нәтижелері

    Сәтбаев қаласының еңбек әулеті мен жас мамандары «Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңінде үздіктер қатарында

    Ұлытау облысында еңбек беделін арттыруға, еңбек дәстүрлерін насихаттауға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және жас мамандарды қолдауға бағытталған республикалық «Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңі өтті.

    Байқау қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының өкілдері кәсіби біліктілігі мен жоғары нәтижелерін көрсетіп, бірқатар номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды.

    «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша

    Джанкоразов Ерлан Онланұлы облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 1 орынға ие болып, Жанқоразовтар отбасын ұрпақтар сабақтастығына, мамандыққа адалдыққа және еңбекке деген құрметке негізделген лайықты еңбек әулеті ретінде таныстырды. Жанқоразовтар отбасы көптеген жылдар бойы еңбек дәстүрлерін сақтап, жалғастырып, аға буыннан жас ұрпаққа кәсіби тәжірибе, білім мен еңбек құндылықтарын жеткізіп келеді.

    «Өндірістегі үздік жас жұмыскер» номинациясы бойынша

    Тілекен Дәурен Еркеболатұлы байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы атанып, 1-орынға ие болды. Оның жеңісі кәсіби шеберлігінің, жауапкершілігінің, еңбекқорлығы мен жұмыстағы жоғары нәтижелерінің лайықты бағалануы болды. Дәурен Еркеболатұлы бастамашылдығымен, кәсіби дамуға деген ұмтылысымен ерекшеленіп, еңбек ұжымының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

    Сәтбаев қаласы өкілдерінің байқауға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізуі олардың кәсіби құзыреттілігінің, еңбекқорлығы мен жауапкершілігінің көрсеткіші болып табылады. Сонымен қатар бұл жетістіктер қаладағы жұмысшы мамандар мен жастардың жоғары әлеуетін айқындайды.

    «Еңбек жолы» байқауы еңбекке деген оң көзқарасты қалыптастыруға, еңбек дәстүрлерін нығайтуға, сондай-ақ қоғамның дамуындағы кәсіби тәжірибе мен тәлімгерліктің рөлін арттыруға ықпал етеді.

    «Еңбек жолы – 2026» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Оларға жаңа кәсіби жетістіктер мен республикалық деңгейде жоғары нәтижелер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары