Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер онлайн: ыңғайлы, жылдам және қолжетімді

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер онлайн: ыңғайлы, жылдам және қолжетімді

    Қазіргі заманда қажетті мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу әлдеқайда жеңілдеді. Бұрын шешу үшін мемлекеттік мекемелерге баруды талап ететін көптеген мәселелерді бүгінде Электрондық үкіметтің eGov.kz порталы арқылы онлайн режимде шешуге болады.

    eGov.kz порталы арқылы азаматтарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кең спектрі ұсынылады. Атап айтқанда, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, түрлі анықтамалар мен үзінді көшірмелер алу, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды рәсімдеу, азаматтық хал актілерін тіркеу, жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, зейнетақы жинақтары және салықтық міндеттемелер туралы мәліметтер алу қызметтері қолжетімді.

    Сонымен қатар, электрондық сервистер арқылы мемлекеттік органдарға қабылдауға жазылуға, айыппұлдар мен берешектердің бар-жоғын тексеруге, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат алуға және басқа да цифрлық сервистерді пайдалануға болады.

    Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басты артықшылықтарының бірі — уақытты үнемдеу. Азаматқа мемлекеттік органға бірнеше рет барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Көптеген қызметтерді үйден шықпай-ақ компьютер немесе ұялы телефон арқылы өз бетінше рәсімдеуге болады.

    Сонымен қатар, электрондық форматтағы қызметтерді тәулік бойы, орналасқан жеріне қарамастан алуға мүмкіндік бар. Бұл әсіресе қарапайым мәселелерді шешу үшін аудандық мемлекеттік мекемелерге баруға әрдайым мүмкіндігі бола бермейтін ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы.

    Бірқатар қызметтерді алу үшін порталда электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ), бір реттік парольдің немесе заңнамада көзделген басқа да сәйкестендіру тәсілдерінің көмегімен авторизациядан өту қажет.

    Нежин ауылдық округі әкімі аппараты 6 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

    • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
    • ауыл, елді мекен жерлерінен жер учаскесін беру (елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру);
    • сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;
    • жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату;
    • жер учаскесін алуға кезекке қою;
    • жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.

    Ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді. Оның көмегімен әрбір азамат электрондық қызметті өз бетінше немесе ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерінің көмегімен ала алады.

    2026 жылдың 8 айында ауылдық округтегі «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 261 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

    Ең көп сұранысқа ие қызметтердің қатарында электрондық цифрлық қолтаңба беру, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама беру, наркологиялық және психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру қызметтері бар.

    Ауылдық округі әкімі аппараты халық арасында электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пайдалану және порталмен жұмыс істеу тәртібі бойынша ай сайын ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну туралы ақпарат ауылдық округі әкімінің веб-сайтында http://nezhinka-gm.sko.gov.kz жарияланады. Байланыс телефоны: 28-210.

    Электрондық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге көшу — азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым ыңғайлы, жылдам әрі заманауи деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы әкімдігінің Нежинка ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары