Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы·Жаңалықтар мұрағаты

4 қыркүйекте Қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасарының төрағалығымен 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары мен күзгі науқанның барысына қатысты бейнеконференция форматында кеңес өтті.
Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ күштік құрылымдардың жауапты өкілдері қатысты.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігін мерзімді әскери қызметке азаматтармен жасақтау мәселелері қаралып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалды.









