Елордалық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

    Елордалық спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы атанды

    VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында мангала жарысында ерлер арасындағы командалық жарыста Астана қаласының спортшысы Биғали Зкрияев I орын иеленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

    Мангала бойынша жекелей жарыстар өтір жатыр. Қорытынды нәтижелер 6 қыркүйекте белгілі болады.
    Мангала жарысынан 48 елден 105 спортшы – 56 ер және 49 әйел қатысып, жекелей және командалық сында бақ сынап жатыр.

    Айта кетейік, әйелдер арасындағы мангала жарысында Астана қаласының спортшылары Гүлнәр Базаралиева мен Құндыз Есіркеп те бақ сынауда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары