Ғылыми-сараптамалық топтың «Құрылтай: сайлау қорытындылары және қоғамдық дамудың келешегі» атты кезекті отырысы өтті

    Ғылыми-сараптамалық топтың «Құрылтай: сайлау қорытындылары және қоғамдық дамудың келешегі» атты кезекті отырысы өтті

    Ғылыми-сараптамалық топтың төрайымы Сүлейменова Сәуле Қалкенқызы модератор ретінде сөз сөйледі. «№ 17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені» КММ директоры Жалмұқанова Ләззат Жұмағұлқызы, «Возрождение» Солтүстік Қазақстан немістер этномәдени бірлестігінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Кинцель Евгений Юрьевич, облыстың Қоғамдық кеңесінің мүшесі Смаилова Дариға Өмірқызы іс-шараның спикерлері болды.

    Онлайн форматта ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері және «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.

    «Кентрон» Солтүстік Қазақстан армян этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы Мхоян Залибек Акобович, «Urpaq» қазақ мәдени-ағартушылық орталығы» ҚБ атқарушы директоры Мұсабаева Гүлбахша Нұрмұқанқызы және Медиация кеңесінің мүшесі Базарбаев Болат Қасенұлы өткен сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің iшкi саясат басқармасы" жаңалықтары