«100 игі іс»: Шортанды ауданындағы көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

    Шортанды ауданының прокуратурасы әкімдікпен және аудан кәсіпкерлерімен бірлесіп «Бизнестен 100 игі іс» қайырымдылық акциясы аясында көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті.

    «Белая Лилия» ЖШС-нің қолдауымен көпбалалы отбасыларға ақшалай сертификаттар табысталды.

    Шортанды ауданының прокуроры әкімі мен аудан әкімі отбасылармен кездесіп, олардың тұрмыс жағдайымен танысып, өзекті мәселелерін талқылады.

    Акцияның мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға атаулы көмек көрсету, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастық арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары