Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп мәселелері талқыланды

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп мәселелері талқыланды

    2026жылғы 13 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Турсунбаев мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.
    Департамент басшысы мемлекеттік қызметшілерге қызметтік ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін түсіндірді.
    Жиын барысында қызметтік өкілеттіктерді жеке немесе үшінші тұлғалардың мүддесі үшін пайдалануға жол бермеу, белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық қағидаттарының маңыздылығы түсіндірілді.
    Іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және мемлекеттік қызметтің беделі мен азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған жауапты мінез-құлық таныту қажеттігі жеткізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары