Таразда ипотекалық және жалдамалы тұрғын үй бағдарламалары аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

    Таразда ипотекалық және жалдамалы тұрғын үй бағдарламалары аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

    Таразда ипотекалық және жалдамалы тұрғын үй бағдарламалары аясында азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.

    Ипотекалық бағыт бойынша «Ұлы Дала» және «Шапағат» шағын аудандарындағы 13 көпқабатты тұрғын үйді бөлу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 648 азамат баспанамен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Ұлы Дала» және «Балауса» шағын аудандарындағы тағы 10 тұрғын үй бойынша конкурстық рәсімдер жүруде. Олар аяқталғаннан кейін шамамен тағы 490 азамат жаңа пәтерге ие болады.

    Жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмыстары да белсенді жүргізіліп жатыр. «Ұлы Дала» және «Санырақ батыр» шағын аудандарындағы 9 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтерлер үлестірілуде. Қазіргі таңда 370 пәтер бөлінді. Жыл соңына дейін тағы 250-ден астам баспана беру жоспарланып отыр.

    Барлық рәсімдер белгіленген тәртіпке сәйкес, кезектілік пен қолданыстағы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Тараз қаласының әкімдігі" жаңалықтары